Маңғыстаулық палуан самбодан өткен ҚР Кубогында алтын иеленді

ман Маңғыстаулық спортшы Жанғали Нұрдәулетов Семейде ересектер арасында  самбодан өткен Қазақстан Кубогында жеңіске жетті. Жарыс төрт күнге созылды. Оған ел аймақтарынан 250-ге жуық спортшы қатысты. Маңғыстау намысын қорғағандардың бірі, Манарбек Бейсекеновтің шәкірті Жанғали Нұрдәулетов 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда Павлодар спортшысымен кездескен ол алтын медаль және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына қол жеткізді. Спортшы Қосбұлақ ауылында туған, сегіз жылдан астам уақыттан бері самбомен айналысады. Жанғали Нұрдәулетов бапкер болып жұмыс істейді, 30 жас шәкірті бар. Бұл сайыста Жанғали Нұрдәулетовпен бірге облыс намысын Әлия Тілепова да қорғады. Ол қола жүлдеге ие болды.