AKTAU OPEN FEST – спорттық және музыкалық туризмді қалыптастырады
2015 ж. 10 қыркүйек
2137
0
Ақтау қаласында AKTAU OPEN FEST 2015 халықаралық фестиваліне Ресей, Франция, Корея, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері жиналды.
Шара қазақстандық спорттық және музыкалық туризмді қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев AKTAU OPEN FEST 2015 музыка және спорт фестивалінің қонақтары мен қатысушыларына арнаған сөзінде айтты.
«AKTAU OPEN FEST 2015 - бұл жастар үшін үлкен мереке. Биыл фестиваль ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналып отыр. Фестиваль ұраны - «Біз - Конституцияның құрдастарымыз!». Негізгі заңымыз еліміздің әрі қарай өркендеуінің кепілі, сондықтан дәстүрлі шараны биыл біз Конституция күніне арнадық. Шараға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, шетелдерден де келіп жатыр. Фестиваль болашақта Маңғыстау өңірінде туристік кластердің қалыптасуы үшін серпін беруі тиіс. AKTAU OPEN FEST қазақстандық спорттық және музыкалық туризмді қалыптастырады», - деді өңір басшысы.
Айта кетейік, қаладағы жағалауда WORKOUT жаттығуларына арналған белтемірлер орнатылған, онда жастар күн сайын жаттығады.
Фестивальге биыл астаналық танымал «BAR-BARS» командасы шақырылған. STREET WORKOUT бойынша әлем чемпиондары қалалықтар үшін шеберлік сыныптарын өткізді.