Маңғыстауда дұрыс тамақтану мектептері ашылды
2015 ж. 10 қыркүйек
2972
0
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласының емханаларында (осы екі өңір бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр) бір мезетте екі бірдей дұрыс тамақтану мектебі - ресурс орталығы ашылды.
Бұл орталықтар балалары 5 жасқа толмаған ата-аналарға арналған. Дәл осы кезеңде баланың миы қалыптасуы үшін, сондай-ақ ағзаның басқа да бөліктері толық жетілуі үшін көптеген заталмасулар жүреді. Ал баланың бойында дәрумендердің тапшылығы оның денсаулығына, тіпті өміріне үлкен қауіп төндіреді. Бұл баланың дамуын тежеп, қатарластарынан кенже қалуына себеп болады.
Жоба облыс әкімдігі мен ЮНИСЕФ-тің бірлескен жобасы аясында жүзеге асып жатыр.
Айта кетейік, бұл ресурс орталықтары - Қазақстанда ашылған алғашқы дұрыс тамақтану мектептері болып табылады. ЮНИСЕФ еліміздің басқа да өңірлерін осындай орталықтар ашуға шақырады.