Маңғыстауда маңызды нысандар бой көтерді
2015 ж. 03 қыркүйек
2737
0
Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында екі әлеуметтік нысан ашылды. Осылайша, Қызан ауылында 50 орынға арналған ауылдық дәрігерлік амбулатория өз есігін ашты. Нысандардың ашылуы салтанатты рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.
Қызан ауылындағы дәрігерлік амбулатория республикалық және облыстық бюджет қаражатына салынды. Оның құрылысына 170 млн. теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын «Элмонт строй» ЖШС-нің жұмысшылары жүргізді.
Сондай-ақ Ақшымырау ауылында «Жігер Ақтау» ЖШС компаниясы салған Мәдениет үйі пайдалануға берілді. 150 адамды сыятын жаңа нысан «Коммұнай» мұнай компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің аясында бой көтерді. Бұл мақсаттарға 150 млн. теңге бағытталған болатын.
«Конституцияның 20 жылдығына үлкен жетістіктерімізбен жеттік. Әлемдік экономикалық дағдарыстың қазақстандық экономикаға тигізген әсеріне қарамастан біз аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды нысандарды салуды жалғастырып келеміз. Осыған Қызан ауылында дәрігерлік амбулаторияның және Ақшымырау ауылында Мәдениет үйінің ашылуы оның айғағы болып табылады. 1 қыркүйекте Қарақия ауданындағы Мұнайшы және Құланды ауылдарында апатты мектептердің орнына екі білім ошағы, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер және т.б. пайдалануға берілді. Бұл жұмыс жалғастырылатын болады. Ұлт денсаулығы, жоғары білімді ұрпақты тәрбиелеу, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету, оларды рухани байыту және мәдени бос уақытын ұйымдастыру - елдің мемлекеттік саясатын іске асырудың басты міндеттері», - деді Алик Айдарбаев.