Маңғыстау облысының әкімі Конституциямен құрдас жастарды марапаттады
2015 ж. 31 тамыз
2019
0
Конституциямен жасты 7 азаматты марапаттау рәсімі Ақтаудағы AKTAU OPEN FEST 2015 музыка және спорт фестивалінің ашылуында болды.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Конституциямен құрдас азаматтарды құттықтап, сыйлықтар ұсынды. Биыл 30 тамызда Гүлмира Махамбетова, Аманжол Сағынов, Жансая Бердешова, Маржан Жолдасбаева, Нұрбек Азанұлы, Серік Төреев, Айжан Төребаева өзінің 20 жылдығын тойлауда.
AKTAU OPEN FEST 2015 фестивалі Ата заңымыздың 20 жылдығына арналды. Фестиваль ұраны - «Біз -Конституциямен құрдаспыз!».
Конституциямен жасты азаматтар AKTAU OPEN FEST 2015 ұйымдастырушыларының сыйақылары мен сыйлықтарына ие болды.