Маңғыстауда баға мониторингін жүргізетін мобильді топтар құрылды
2015 ж. 24 тамыз
2571
0
Ақтауда күннің екінші жартысында инфлциялық трагеттеуге байланысты жағдайды реттейтін облыстық штабтың құрылатыны туралы жария етілген баспасөз мәслихаты өтті. Аймақтағы барлық аудандар мен қалаларда мобильді жұмыс топтары құрылды.
Ақтауда 6 мобильді жұмыс тобы құрылды. Олар сағат сайын бағалар мониторингін жүргізуде: гипермаркеттер мен супермаркеттерді, тауар өндірушілерді, жеткізушілерді қадағалауда. Топтардың бірі дәріханаларды қадағалауға алды. Мобильді топтарға салық департаментінің өкілдері енгізіледі.
Барлық мобильді топтардың жұмыстарын облыстағы қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары үйлестіріп отырады.
Сондай-ақ аймақ билігі қоғамдық кеңес құруды ұсынды. Ол таңғы сағат 8-ден кешкі 9-ға дейін жұмыс жасайтын болады. Бағаның көтерілу фактілері туралы хабарлауға болатын телефондар анықталады. Кеңестің мақсаты - тұрақтылықты сақтау.