"Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік мәселені шешуге ат салысады"
2014 ж. 28 қазан
2672
1
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев бизнес саласын өркендету мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.
– Жаңбырбай Сұлтанұлы, елімізде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту мен жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтумен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру керек емес пе, бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?
– Сондықтан да кәсіпкерлік ортада қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілік факторының жылдан-жылға мәні артып, үлкен маңызға ие болып келеді. Әрине, бұл біздің қоғамымыз бен отандық бизнестің заңды құбылысы болып табылады. Озық әлемдік тәжірибе әлеуметтік міндеттерді тек мемлекеттің бір өзі ғана шешуі қажет емес екендігін айқын көрсетіп отыр. Сондықтан да Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысуда. Мәселен, кәсіпкерлер палатасы республикамыз бойынша кадрларға қажеттілік жөнінде сұрау салу жүргізді, оның нәтижесінде Маңғыстау облысы бойынша 2014-2018 жылдарға болашаққа жұмыспен қамтудың 25 мейлінше қажет етілетін топтары анықталды.
– Алғашқы кезекте қандай мамандықтар бойынша кадрлар қажет етіледі?
– Мұнда бірінші сатыда теңіз мамандықтары мен оларға жақын мамандықтарға, темір жол саласының мамандықтарына, олардан бір саты төмен дәнекерлеушілер мен стропальщиктерге, монтажшылар мен металл құрылғыларын құрастырушыларға қажеттіліктер тұр, үшінші орында – медицина қызметкерлері, одан кейінгі орындарға энергетикамен, электроникамен және құрылыс саласымен айналысатын мамандықтар ие болып отыр.
Сондықтан да Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігімен бірге әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мен экономиканы дамыту арасындағы тепетеңдікті сақтау үшін жұмыс істейтін бизнесті кеңейту мен қайта бағдарлау және жаңа өндірістер ашу жолымен 2020 жылға қарай 25 мың жұмыс орнын құруға бағытталған іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынады. Мәселен, таяуда кәсіпкерлер палатасы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін әлеуетті мердігерлік ұйымдармен диалог алаңын ұйымдастырды, мұнда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен жаңа жұмыс орындарын құру туралы (шамамен бұл 7 мыңдай жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді) мәселе көтерілді. Алайда бұл бағытта жүйелі әдіс-тәсіл жоқ, сондықтан да ол бизнес пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас үлгісіне айналмайды.
Сондай-ақ коммерциялық сектор бұл үрдіске белсене атсалысуға тиіс, өйткені қоғамның жағдайы әрбір кәсіпкердің жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сол себепті ел аймағының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамның ынтымақтастығы арқылы қол жеткізіледі. Мұндай ынтымақтастықтың басты алғышарты әлеуметтік жауапты бизнеске арқа сүйеу болып табылады.
– Отандық бизнес өкілдері кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға қандай үлес қосуда?
– Қазақстандық бизнес әлеуметтік бағдарламаларға өз әлінше қатысуда. Компаниялар адамдарға өте жиі қолдау көрсетеді, қайырымдылық шараларына да аз шығындар жұмсалмайды. Алайда бұл бағытта жүйелі әдіс-бағдар жоқ, сондықтан да ол бизнес пен қоғам арасындағы қарым-қатынастарда нормаға айналмақ емес.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерге қол жеткізу мен оларды тиімді іске асыру мақсатында біздің республикамызда 2020 жылға дейінгі корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің Ұлттық тұжырымдамасы жасақталды. Тұжырымдамада мемлекет арқылы бизнес пен қоғамды қолайлы жағдайда дамыту үшін заңнамалық және демократиялық негіздер құру, толықтай алғанда бизнеспен қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін ескере отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің ұсынылған жеті қағидатын іске асыру, азаматтық сектормен корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаттарын іске асыруға қатысты шешімдер қабылдау мен орындаудың барлық деңгейінде қоғамдық қатысу құралдарын қолдану мәселелері қамтылды. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қолданыстағы тәжірибесі көбінесе жүйелі емес болып табылады және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің барлық қағидаттарын ескере бермейді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қағидаттарын енгізу жөніндегі жүйелі әдісті құру үшін, менің ойымша, мейлінше ірі компаниялардан бастап олардың қолданыстағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне аудит жүргізу керек және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің стратегиясын жасақтау қажет.
Жаңа кезең бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қазақстандық моделін жасау үшін негіздер қалайды және мемлекет пен қоғамның, коммерциялық сектордың өнімді ынтымақтастығына ықпал етеді деп сенемін.
– Әңгімеңізге рахмет!
Ақпарат көзі: "Маңғыстау" газеті. Әбдіғалым СӘРКЕНОВ.