Жыл басынан бері 2750 адам жұмысқа орналасты
2014 ж. 20 қазан
1261
0
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан
Маңғыстау облысының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шаралары алынуда.
Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға ықпал ету жөнінде 13064 адам өтініш білдірді, оның ішінде хабарласқан жастардың саны - 6917. 2750 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастардың саны -1676, жастар практикасына жіберілген жұмыссыздар саны - 643 адам, 1997 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды, оның ішінде 16 - 29 жас аралығындағы жастар - 1149 адам.
2014 жылдың 1 ші қазанына есепті айдың аяғына тіркелген жұмыссыздар саны 3509 адамды құрады, оның ішінде тіркелген жастардың саны - 1525 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі - 0,4%.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары қатарында 29 жасқа дейінгі жастардың саны- 1278 адам, уақытша жұмыс орнына 456 адам, тұрақты жұмыс орнына 398 жас орналастырылды.
Дереккөз: Қазақпарат