Кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп жүр
2014 ж. 08 қазан
1737
0
Бағдарлама аясында бірқатар жоба қолдау тауып, мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіліп келеді. Елбасының «Қазақстан 2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ұлт денсаулығының мықты болуы үшін жеке медицинаның дамуына жағдай жасау, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландырудың басымдықтары айтылып, соған сәйкес жүйелі жұмыс жасау жүктелген болатын. 2012 жылдың мамыр айында Маңғыстауда ашылған «Ақерке» медициналық емдеу орталығы халыққа медициналық қызметтің барлық түрін көрсетіп келеді. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан субсидия алып, аумағын, қызмет көрсету аясын кеңейткен орталық заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Ендігі бағыт - облыс тұрғындарын бес жылдан бері көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп, сұранысын өтеп келе жатқан «Қазфрут » компаниясының нарықтағы қызметі - республиканың аймақтарынан және шет елдерден күніне жиырма, айына алты жүз тоннадай жеміс жидек пен көкөніс өнімдері жеткізу.
Облысымызда тұңғыш рет ашылған балық шаруашылығымен айналысатын «Бекіре Аралды» фермасы үш ай бұрын Жайық өзенінен әкелген шабақтар қазір біраз салмақ жинады. Ферма директоры Т. Жақыпованың айтуынша, келесі жылы жазда бекіре балықт ары дүкендерге жеткізіліп, сатылымға шығады. Сондай-ақ жуырда Ресейден уылдырық әкелініп, жұмыс ауқымы кеңейе түседі.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры мамандарының сапары «Диасплюс» жиһаз шығаратын цехында жалғасты. «Даму» қорының көмегі арқылы соңғы үлгідегі жиһаз түрлерін шығаруға мүмкіндік алған жеке кәсіпкер С.Әшімов кәсібінің нәсібін көріп отыр.
- Осыдан алты жыл бұрын ашылған шағын цех бүгінде сан түрлі жиһаз шығарумен айналысады. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында кәсібіміздің ауқымы кеңейіп, жаңа жұмыс орындарын аштық. Жиһаздарымыз тұрғындардың көңілінен шығып жатқандығын тапсырыстардың көптігінен аңғаруға болады. Жиһаздарымызды Атырау қаласына шығару жоспарда бар», - деген С.Әшімов БАҚ өкілдерін жиһаз өндірудің әдістерімен, жұмыс барысымен таныстырды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына соңғы жылдары енгізілген бағыт жеке кәсіпкерлердің білімдерін жетілдіру, біліктілігін арттыруға жол ашты. Осы мүмкіндікті пайдаланған кәсіпкерлер қонақ үй кәсібінің маманы, сарапшы Вектн Меркердің шеберлік сабағына қатысып, тәжірибесін тыңдады.