Облыс әкімі Айдарбаев құрбан айт мерекесімен құттықтады
2014 ж. 04 қазан
2263
0
Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев жамағатты Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық әкімдігінің сайты.
«Құрметті әлеумет! Сіздерді қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - мұсылман қауымның бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, ризық-несібесімен бөлісетін ең ұлық мереке. Тәуелсіздігіміз орныққаннан кейін Елбасымыздың қолдауымен арнайы демалыс күні беріліп, ресми түрде тойлана бастаған қасиетті мейрам дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде. Соның арқасында тұтас елімізде, қазыналы өлкемізде береке-бірлік артып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны өскелең сипат алуда. Қадірлі ағайын, қасиетті мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын!», - делінген ресми құттықтауда.