Маңғыстаудың түйеқұсы

маңғыстаудың түйеқұсы Олар сондай сүйкімді, ақылды, ойнақы әрі қорқынышты. Иесін алыстан таниды. Тепсе сүйегіңді сындырар күші бар. Оның жұмыртқасы кәдімгі жұмыртқалардан 10 есе үлкен. Ол сағатына 70 шақырым қашықтықпен жүгіреді. Терісі қолтырауынның терісі секілді бағаланады. Өзіңіз  жобалап отырған болсаңыз, біз бүгін маңғыстаулық түйеқұстар туралы әңгімелейміз. маңғыстаудың түйеқұсы   Азамат Оразбаев - Африканың түйеқұстарын өсіріп, Маңғыстау жұртын таңқалдырып жүр. Алғашында тауық баққан ол  түйеқұс өсіретінін  мүлдем білмегенін айтады.  Қазір оның қолында 4 үлкен түйеқұс пен 6 балапан бар.  Азамат қолындағы алыптарды өсіріп, көбейтіп ферма ашқысы келеді. Оның ойынша, ферма Маңғыстауға туристерді тартуға себепші болады. маңғыстаудың түйеқұсы Ол бәрі досының «түйеқұс бағып көрсеңші» деген әңгімесінен басталғандығын айтады. - Бір досыма құс бағып көмектесіп жүргенмін. Бір күні ол әзіл-шыны аралас түйеқұс бақсаңшы деді. Кейін ойланып, бағып көру керек екен деп шештім.  Таныс ағама идеямды айтып көмек сұрағанымда онша мән бермеген еді. Арада біраз уақыт өткеннен кейін сол ағам келіп тұр. «Азамат сенің ана түйеқұс дегеніңді көрдім. Үлкен екен. Бағайық» деді. Оның сөзіне қанаттанып Алматыдан 2013 жылы 10 түйеқұс алып келдім. Бір жылдың ішінде осынша ұзын болып өсетіндігін елестетпеген едім,- дейді Азамат күліп. маңғыстаудың түйеқұсы Оның түйеқұстарының бойы бүгінде 1,5 метрден асады. Бұл бір жыл ішіндегі көрсеткіш. Олар өсе келе 3 метрге дейін баратын көрінеді. -   Қазір үлкендерінен  3-еуі қалды. Олар жүгіріп тұруы керек. Жүгіретін жер болмағаннан кейін және тағы да басқа факторларға байланысты өліп қалып жатыр. Жақында тағы 6 балапанын алып келдім. Балапанды алу оңай емес. Оны алу үшін бір жыл бұрын кезекке тұрасың. Бір балапан 300 доллар тұрады. Кейін ол балапандарды ветеринарлық тексерістен өткізеді. Оны да бір аптадай күтесің,- дейді Азамат. 5 Кейіпкеріміздің сөзінше көрші көлемнен бұрын басқа қалалардан ұзынмойындыларды көру үшін келеді екен. - Бір күні есіктің алдында жүрген жерінен босап көшеге шығып кетіпті. Біздің үй Ақтауға кететін басты жолдың бойында орналасқан. Әрі бері өткен көліктердің барлығы түйеқұсты көріп тоқтауынан  жолда кептеліс пайда болыпты. Бәрі қызықтап суретке түсті,-  деп күледі ол. 8 Олар не жейді деген сұрағымызға Азаматтың інісі Бекжігіт жауап қатты. Ағасы үйде болмаған кездері түйеқұсқа күтім жасау Бекжігіттің мойнында. - Көбінесе кебек. Сосын көкөністер, ақжелкен, тас, сүйек. Сүйек пен тасты асқазандары тамақты дұрыс қорыту үшін жейді. Су ішеді. Арнайы витаминдер береміз,- дейді Бекжігіт.  Иесінің айтуына қарағанда азығы үшін көп шығынданбайды екен. Өйткені тас пен сүйек тегін келеді. 10 Азамат түйеқұстардың үстіне адам отырғызып қолға үйреткісі келеді. Қазір қолға үйретудің амалдарын жасап жүр. Адамнан қорықпайтын олар қасыңа жақындап келіп, бетіңе үңілгенде қорықпау мүмкін емес. Әлемдегі көзі ең үлкен жануардың интуициясы жақсы дамыған. Ортаға тез үйреніседі. Жақын тарта білсең өзіңді шоқып-шоқып еркелеп те алады. -  Маңғыстауға тез үйренді. Қанша дегенмен бұл жер жазда Африканың ауа райына ұқсайды ғой (күліп). Қыста тоңбайды. Жазда кешке қарай есіктің алдына шығарсаң қаз қатар тұрып билейді. Ашуына тисең төбелеседі.Ол кезде аяғыңды абайлау керек. Тепсе сүйегіңді сындырады.Әзірге ондай жағдайлар болған жоқ,-деді Азамат. Снимок Қазір олардың жастары кішкентай әрі сүйектері қатаймаған.  Алдағы 1-2 жылдықта олар жұмыртқа да бере бастайды. Азамат сол күнді асыға күтіп жүр. Алынған дереккөзі - жақсы сайты.