Ақтауда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған екі донор анықталды
2014 ж. 27 қазан
1699
0
«2014 жылдың басынан бастап Ақтаудағы донорлардың ішінен ВИЧ-инфекциясын жұқтырған екі адам анықталды», - деп жазады жергілікті «Лада» газеті облыстық ЖИТС орталығының директорының міндетін атқарушы Ақнұр Тасболтаваға сілтеме жасап. Тасболатованың сөзіне сүйенсек, бір әйел мен бір ер адам инфекцияны жыныстық қатынас арқылы жұқтырған.
- Инфекция облыстық қан орталығына келген донордың қанын ВИЧ-инфекциясына тексеру барысында анықталды. Донрдық қанын ВИЧ-ке тексеру ИФА-антиген тест жүйесі арқылы анықталады. Қорытындылар біздің орталыққа жіберілгеннен кейін біздің лаборанттар екі жағдайда да инфекцияның бар екенін растады. Инфекция жұқтырғандар тізімге алынып, оларға өмір бойы донор болмайтындығы ескертілді. Ал донорлардың қанын қан орталығында көзін жойдық, - деді Тасболатова.