«Ақбозат» жас шахматшылар чемпионаты өтті

Өткен аптада Маңғыстау ауданында жыл сайын ұйымдастырылатын «Ақбозат» жас шахматшылар байқауы ұйымдастырылды. Биылғы жарысқа 10-нан аса команда қатысып, логикалық ойында бақтарын сынап көрді. Аудандық чемпионат Олимпиялық стандарттар бойынша өткізілді. Қатысушылар Қызан, Үштаған, Жыңғылды, Ақшымырау және Шетпеден жиналды. Ер балалар арасындағы  ойыншылардың  ішінен ақшымыраулық «Тобанияз» командасы жеңімпаз атанды. Ескере кету керектігі - дәл осы команда біраз уақыттан бері бас  жүлдені өзі алып жүр. Ал екінші орынды Шетпедегі лицей оқушылары  алса, Жыңғылдыдағы «есір» командасы үшінші орынды місе тұтты.  Қыздар арасындағы үздік ойыншы деп Шетпенің «Алшын» командасы алды. Жармыштан қатысқан жас шахматшылар екінші орынды алса, үшінші орынға Нун Жұбаев атындағы орта мектептің оқушылары лайық деп танылды.