Ақтауда жоғалған баланың анасын іздестіріп жатыр
2014 ж. 11 қазан
2050
0
Маңғыстаудағы кәмелетке толмағандар орталығы мен асырап алу органының қызметкерлері 4 жастағы Манастың анасына іздеу салды. Баланы полиция қызметкерлері 5 шағынауданнан тауып алған. Полиция қызметкерлері ол ауланы жалғыз кезіп жүрген дейді.
- Баланы бейімделу орталығына әкелді. Бұл жерде мұғалімдер баланың туу туралы куәлігінде әкесінің аты жазылуы тиіс орыны сызылған. Оның мамасын ешкім көптен бері көрмеген,- дейді Маңғыстау облыстық бейімделу орталығының педагогы Динара Матжанова.
Орталық қызметкерлері Манастың анасы баланы тастап Шымкентке кетіп қалуы мүмкін деген нұсқаны айтады. Ал егер Манастың анасы табылмайтын болса баланың болашағы бұлыңғыр болады. Мамандардың сөзінше, ондай жағдайда баланы ешкім асырап ала алмайтын көрінеді.
Егер Рүстемова Айнұр Қалаубайқызын көрген жандар болса 87014664050 телефон нөміріне қоңырау шалуыңыз сұралады.