«Мәңгілік елге - мың тағзым» патриоттық әндер байқауы өтті
2014 ж. 02 қыркүйек
6662
0
ҚР Конституция күніне орай Маңғыстау облысында «Боевое братство» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік елге - мың тағзым» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өткізді.
Ән жарысына 15 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады. Жарыста әншілер сазгерлік орындау мен топтық орындауда ән айтты.
Салтанатты шараның ашылуына қатысқын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан жастарын патриоттыққа тәрбиелеу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, аймақтың көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтарды Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған Отанын қорғаушы «Қызыл жұлдыз» төс белгісімен және «Батыр шапағаты » медалімен, Кеңес Одағының батыры, генерал «Сабыр Рақымов» естелік медальдарымен марапаттады.
Байқау шарты Отан, ел, туған жер, Маңғыстау, Ақтау, Ауған соғысы, Ұлы Отан соғысы жеңісі туралы ән шырқаудан тұрды. Қазылар орындаушы топтар арасында бас жүлдеге қарақиялық Талғат, Саламат Жакуповтарды лайық деп тапты. Ал, І орынды Қарақия ауданынан келген «Еркенұр» тобы алса, ІІ орынды Мұнайлыдан келген «Кәусар» тобы еншіледі. Сондай-ақ, жеке орындауда І орынды Батыл Алпысбаев қанжығасына байласа, ІІ орында Нұрхат Аққұлов көрінді. ІІІ орынды Аяжан Бөлек пен Жұлдызай Қалдымырза алды.