Маңғыстауда Қытайдың өндірістік паркі салынады

Қазақстанда Қытайдың өндірістік паркі құрылатын болады. Бұл туралы қытайлық Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады. Ақпарат агенттігінің мәлімдеуіне сүйенсек, жаңа парк Маңғыстау облысындағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасатын болады. Маңғыстауда Қытайдың өндірістік паркі салынады Жоспар бойынша 400 гектардан тұратын парк №5 субзонада орналасатын болады. Жаңадан салынатын парк құрылысына 100 млн доллар инвестиция тартылып отыр. Қытай паркі Ақтау қаласының портынан 3 шақырым қашықтықта орналаспақ. Парктің 100 гектарлық құрылысын Шыңжаңдық «Санбао» корпорациясы мен Үрімші техника-экономикалық даму аймағы құрылыс компаниясы салады. Құрылыс аяқталған соң, парк жұмысына 10-15 қытайлық өңдеуші өндіріс орынын тарту көзделіп отыр. Парк Жібек жолы экономикалық белдеуінің маңызды жобасы деп қарастырылуда. Естеріңізге сала кетейік, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы 2013 жылы құрылған болатын. Ол  6 субзонадан тұрады. Экономикалық аймақта орналасқан өндірістік компаниялар 2028 жылға дейін табыс, жер, мүлік салығынан босатылған. Бұл жеңілдіктер қытайлық көндірістік компанияларға да қатысты.