Адай жылқылары Франциядағы ат жарысына қатысты

Францияның Кан қаласында өткен бүкіләлемдік ат жарысына Қазақстаннан 6 жылқы барды. Адай жылқылары Бұл жарысқа «Жезкиік» (шабандоз – Азат ҚОЙШИЕВ), «Дойдан» (шабандоз – Наталья ДОЛГИХ), Бұғабай МЫҚЫРБАЕВтың «Шабдарқасқасы» (шабандоз - Бектас МЫҚЫРБАЕВ), Аманғали БАҒДАБАЕВтың «Жасқанаты» (шабандоз - Әбіш ЕТРЕКОВ), Сергей БУЙКЕВИЧтің «Арабы» және Сисен РАТОВтың «Ойлысы» (шабандоз – Есенаман ҚОЙШИЕВ) кетті. Дегенмен ат жарысына Адай тұлпарлары толықтай  қатыса алмады. Ветеринарлық тексеруден тек Жезкиік, Жас Қанат, Ойлы есімді тұлпарлар жарысқа жолдама алған. Адай тұлпарлары бұл ойында аламан бәйгеге ұқсайтын «Endurance»  (ағылшын тілінен аударғанда — төзімділік, шыдамдылық) түрі бойынша жарысты. Тұлпарлар 160 шақырым шауып өтуі тиіс. Бұл қашықтықта 198 жылқы  қатыстырылыпты. Өкінішке қарай екінші айналымдағы тексеріс барысында Ойлы мен Жас қанаттың да тағасы босап, ойыннан шығарылған. Ал үшінші айналымда Жезкиік те ойыннан тыс қалды. Айта кету керек, «Бүкіләлемдік ат спорты ойындары» (World Equestrian Games) Франциядағы  Кан қаласында  әр төрт жыл сайын өткізіліп отыратын дәстүрлі жарыс. Оған Қазақстан биыл алғаш рет қатысып отыр. Ат жарысы 4 жыл сайын әр қалада өтіп отырады. Естеріңізге сала кетейік, Адай жылқылары 2011 жылы алғаш рет мемлекеттік сынақтан өткен болатын.  «Асыл тұқымды Адай арғымағы» деген сертификатқа ие болған тұлпарлар алысқашықтықтағы жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр. Авторы: Рысгүл Рамазан.