Жаңаөзенде бәйге өтті
2014 ж. 31 тамыз
3976
0
Тамыздың 31-і күні «Өзенмұнайгаз» АҚ 50- жылдығына орай Жаңаөзенде бәйге ұйымдастырылды. Оған республиканың әр жерінен жүзден астам сәйгүліктер қатысып, өз бақтарын сынасты. Ат жарысы ұлы аламан, аламан, құнан және ұшқыр бәйге мен тай жарыс секілді бес түрінен өтті.
Суреттің алынған жері: 24.kz
40 шақырымдық Ұлы Аламанға 21 жылқы қатысты. Аламан жарысқа тігілген Chevrolet Cobalt көлігін бәйгеден алғаш боп келген бейнеулік Эдеп есімді жылқының шабандозы Мейірбек Айғазиев алса, 28 шақырымдық Аламан бәйгеден оза шауып келген Өрісбаев Тілегеннің Көгершіні болды. Аламан бәйгеде үздік шыққан Өрісбаев Тілеген «Нива» көлігін тізгіндеді. Сондай-ақ 20 шақырымға созылған Ұшқыр бәйгеден озып келген Көшбаевтың Шағаласы болды. Олар «Лада гранта» көлігін сыйлыққа алды. Басқа да бәйгелерге қатысып екінші үшінші орын алған жылқылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.