МЕРЕКЕҢІЗ БЕРЕКЕГЕ ҰЛАССЫН!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

    "Құданы құдай қосады" дегендей, кеше ғана тұңғыш ұлымызға келін алып, құда-құдағи атанып едік.  Енді міне, сол құдағиымыз Гүлнәр Едігеқызын  32 жас қосылған 18 жасымен  - елеулі Елуімен құттықтаймыз! Шығыста,  Зайсанда  туып-өскен Гүлнәр құдағи  мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  ардагері  Қайрат Құсайынұлы құдамыз  екеуі  Іңкәр,  Шырын атты екі қызғалдақты үкілеп өсіріп, екеуі қазір екі елдің иманды да, инабатты келіні болып отыр.  Гүлнәр құдағи кітап саласында істеп, елдің рухани сусындауына үлкен үлес қосып жүрген зиялы жан. Жаңа жылды туған күнімен бастаған Гүлнәр құдағиға мерекеңіз берекеге ұлассын, шаңырағыңызда шаттық шалқи берсін дейміз.  Денсаулығыңыз зор,  бағыңыз  мол болсын!  Жүзіңіз жарқын күйде Жүзге жетіп,  Алла жар болсын деп тілейміз!   Аралаған Алтайдың шың-құздарын, Құрметтейді ел әрдайым Гүл қыздарын. Зайсанның жайсаңы боп құда екеуің, Жарқырай берсін дәйім жұлдыздарың!   Бүгінгі күн тамаша,  бізге  ерек күн! Қабыл болсын батасы Сізге көптің! Атыңызға лайық Гүлдей болып, Қол ұстасып құдамен  Жүзге жеткін!   Зор құрметпен, құдаларыңыздың атынан  Қазыбек Иса отбасы.