ҚҰТТЫҚТАУ!

"Қазақ үні" газетінің қаржылық директоры Дәурен Болатұлы мен Бануды ұлдары
Әлинұрдың сүндет тойы мен қыздары
Алуаның 8 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Мұсылман болып, атқа мінген Әлинұр Алаштың ардақты азаматы болсын! Алуа оқуда алда болып, қазақтың ару қызына айнала берсін! Ұл-қыздарың ұлттық мүддені қорғайтын ұландарға айнала берсін! Шаңырақтарың шаттыққа бөленіп, Алла жар болсын!
Құтты болсын, Әлинұрдың сүндеті
Бар мұсылман Мұхамбеттің үмбеті.
Ұл-қызының қуанышын ұлықтау
Әр әкенің, әр ананың міндеті!
Бабалардың жолы дәйім жалғансын,
Жақсылықтар шыға берсін алдан шын.
Ұл-қыздарың жұлдыздарға айналсын!
Шаңырақтың шалқи берсін шаттығы,
Алдарыңда Алла дәйім жар болсын!
Ізгі тілекпен, "Қазақ үні" газеті ұжымы