АҚ ОТАУҒА АҚ ТІЛЕК (фото)
2016 ж. 24 қазан
24601
4
"Тойдың болғанынан, боладысы қызық" дегендей, тұңғыш ұлымыз Әзіреттің Шырындай құсын қондырып, келін алған ұлан-асыр тойымыз да дүркіреп өтті. Құдайға шүкір, шақырған қонақтарымыздың барлығына жуығы төрімізден табылды. Алматыдағы жаңадан ашылған сәнді де, салтанатты "Сұлтан сарайында" өткен тойды әлемге әйгілі қаламгерлер Мұхтар Шаханов пен Дулат Исабековтер және ел ағалары, ҚР Еңбек сіңірген құрылысшы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қасқабай Асанов пен белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Жаханша Мырзалиевтер ашты. Мұхтар аға жас жұбайларға тағылымды сөздерін айтып, рух оятар отты жырын оқып, көлемі кірпіштей көркем кітабын сыйлады.Тойда сонымен қатар белгілі тұлғалар, мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Сәбит Досанов, Темірхан Медетбек, "Тәуелсіз Тарлан-Платина" сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбай, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаттары Көпен Әмірбек, Марат Тоқашбай, Қасымхан Бегманов, Бауыржан Қарабек және т.б. қаламгерлер ақ тілектерін айтты. Сәбит ағама рахмет, ауыр операция жасатып, ауруханада ай жатып, таяуда шыққанына қарамастан, қолтірек арқылы жүрсе де, тойымызға келіп, жас жұбайларға аталық батасын берді. Белгілі саясаткерлер Әлихан Бәйменов, "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев бастаған әріптес достарымыз да той төрінен табылып, қуанышымызды бөлісті.Қытайдан, Алтайдан арнайы келген құдаларымыз, белгілі жазушы, зерттеуші, КХР Жазушылар одағының мүшесі, Шәкәрім қолжазбасын сақтаушы Көбен Асқарұлына айтар алғысымыз мол.Әйгілі әнші, аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Ақжол Мейірбеков әсем әндерімен елдің зор ықыласына бөленді, Белгілі әнші-сазгерлер Ералхан Әбішев, Қалдыбек Құрманәлі, Құрманбек пен Риза, Нұржан Қалжан, белгілі актер Сафуан Шаймерден, әнші, күйші, асаба Әділбек Жаниязов, Дінмұхамбет Ізтілеу т.б. әннен шашу шашып, той көрігін қыздырды!Тойды белгілі ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы лауреаты Бақыт Беделхан жүргізді. Беташарды әнші-актер Сафуан Шаймерден ашты. Жас жұбайларға Неке куәлігін салтанатты түрде қазақтың ұлы ақыны Төлеген Айбергеновтың қызы, ғылым докторы Салтанат Айбергенова тапсырды. Салтанаттың салтанатты түрде жүргізген неке куәлігін тапсыру рәсімі көпшілікке қатты әсер етті. Зайсандық құдаларды бас құдамыз Қайрат мырза бастап келді.Астанадан, Талдықорған, Оңтүстіктен, Шымкенттен, Шардарадан, Қызылқұмнан келген ағайын-туыс, құда-жегжат, қайын жұрт, нағашы-жиен, достарға да алғысымыз мол.Барлығы бір кісідей қызмет етіп, үлес қосқан "Қазақ үні" газеті ұжымына рахмет.Аттандыңдар Армантауға ат мініп,Алдарыңнан шықсын дәйім сәттілік.Өмірлерің тәтті болсын әрдайым,Дастарханха жайылған соң тәттілік.Аппақ болсын көңілдерің таңдайын,Ақ отаудың күн сүйсін тек маңдайын.Аттарыңа лайықты бол дәйім,Әзіреттей ардақты боп екеуің,Өмірлерің Шырын болсын әрдайым!-деп, әкелік ақ тілегімді арнадым.Ақ дастарханда айтылған Ақ тілектер періштенің құлағына шалынып, Ақ отауға Алла жар болсын деп тілейміз!Қазыбек ИСА