Күле отырыңыздар...
2015 ж. 23 қараша
3755
0
Біреуі қыз алып, біреуі қыз беріп жатқан екі құда: “балаларымыз қалай бақытты болады?” деп мешітке барып молдадан ақыл сұрапты. Молда:
- Екеуің де бір-бір қой сойып, етін жеп құйрығын маған алып келіңдер! - депті.
Екі құда да солай жасап, қой сойып, етін жеп, кұйрығын молдаға алып барыпты.
Молда құйрықты алып екі құдаға қайтарып беріп:
- Енді құйрықты қысып отырыңдар! - депті.
Екеуі құйрықты қысып отырып-отырып шаршап кетіп:
- Молдеке, енді осылай құйрықты қысып қанша отырамыз? - депті. Сонда молда:
- Сендер құйрықты қысып жүрсеңдер, екі жас бақытты болады, - деген екен.
***
Екі негрге: “Таудың басына қайсысың бірінші шығасыңдар, сол аппақ боп кетеді” депті.
Сөйтсе екі негр таудың шың басына жанталаса шығыпты. Біреуі ең бірінші шығып, мәз боп тұрса, екіншісі әрең деп жетіп, қолын созып: - “Көмектесші!” десе, екінші негр:
- Кет әрі, қап-қара болмай! - деген екен.
***
Бір жігіт үнемі отбасын асырау үшін өліп-талып қарбалас жұмыста жүреді екен. Бірақ, әйелінің күні бойы үйде бос отыратынын ойлап, бұл әділетсіздікке төзе алмапты. Осылайша, Тәңірге:
— О, Тәңірім, мен әр күні таңнан кешке дейін қарбалас жүремін. Ал әйелім менің осы отбасы үшін қаншама тер төгіп жатқанымды білмейді. Ол екеуміздің орнымызды бір күнге ауыстыршы. Ол ақша табудың қиындығын және менің қадірімдi білсін, — деп жалыныпты.
Тәңір оның тілегін қабыл алыпты. Екінші күні таңертең оянса, әйелі еркек кейпіне, ал өзі әйел кейпіне өзгеріпті. Сөйтіп, таң ата салысымен өз борышын өтей бастапты. Алдымен балаларын оятып, киіндіріп, таңғы ас әзірлепті. Күйеуін ыстық ықыласпен жұмысына аттандырып салыпты. Сосын балаларының түскі асын әзірлеп, сөмкелеріне салып, бірін мектепке, екіншісін балабақшаға апарып, қайтар жолда банкке кіріп, кезекке тұрып, күйеуінің карточкасынан күнделікті ақшасын алыпты. Базардан үйге керекті заттарды алыпты. Үйге келген соң, күнделікті есеп дәптеріне бүгінгі кеткен шығынды жазыпты. Не керек, қарбаласып жүріп, сағаттың 13:00 болғанын да байқамай қалыпты. Тіптен түскі ас ішуді де ұмытып кеткен еді. Асығыс төсекті реттеп, кір киімдерді жуып-шайыпты. Үй ішінің шаңын сорғызып, ас үйді тазалап болғанда, мектептен қайтар балалары еске түсіпті. Жан ұшыра, алдымен балабақшадан, сосын мектептен балаларын алып қайтыпты. Қайтар жолда сәбилерімен қызу әңгімеге түсіпті. Олардың көңілін табудың да үлкен жұмыс екенін сонда сезініпті. Үйге келе сала өзі әзірлеген тамақ пен сүтті беріп, балаларының сабағына көмектесіпті. Бір жағынан құрғаған киімдерін үтіктей отырыпты. Күйеуінің жұмыстан қайтар мезгілі есіне түсіпті де, дереу кешкі ас әзірлеу қамына кірісіпті. Дастарқан әзірлеп, ас ішіліп, балаларын да тамақтандырып, ыдыс-аяғын жуып, үтіктелген киімдерді реттеп, балаларын жуындырып, ұйықтатыпты. Түнгі сағат 22:00 болғанда, төзімі әбден таусылыпты. Бірақ, бұл кезде оның бір күндік жұмыс уақыты әлі аяқталмаған еді...
Келесі күні таңертең, төсегінің жанында тізерлеп отырып, Тәңірге тағы да жалбарыныпты:
- О, Тәңірім, мен әйел затының күйбең тірлігін сезіндім. Бұл - менің қолымнан мүлде келмейді екен. Жалынам, еркек қалпыма қайтаршы мені! - дептi.
- Бейшара пендем-ау, бір күндік азапқа түскеніңді байқадым. Уәде бойынша, бүгін қалпыңа келуің керек еді. Бірақ, енді 9 ай күтуіңе тура келіп тұр. Себебі, сен кеше түнде жүкті болып қалдың! - деген екен.
****
Студент:
– Ағай, не үшін маған екі балл қойдыңыз?
Профессор:
– Бір балл – емтиханға кешігіп келгеніңіз үшін, екіншісі – сұраққа жауап беруге тырысқаныңыз үшін.
– Онда мазаңызды алмай, ақырын шығып кетейін, тағы бір балл қоса салыңызшы.
***
Екі құрылысшы арақ ішіп отыр:
– Осы сен бір стақаннан кейін жұмыс істей аласың ба?
– Әрине.
– Бір шөлмектен кейін ше?
– Істей аламын!
– Ал екі шөлмектен кейін ше?
– Жұмыс істей алмаймын, бірақ басқара аламын…
***
Әйелі мен күйеуі:
– Соңғы уақытта қарамай кеттің…
– Жаным, мен саған 10 килограмм бұрын ғашық болғанмын, енді тағы бір 10 килограмнан кейін де сүйе беремін!
***
– Менің паспортымды ұрлап кетті!
– Полицияға бардың ба?
– Бардым. Олар алмаған!
***
Нан дүкенінде сауда жасап тұрған адам дүкеншіден:
– Маған бір нан беріңізші? – деп сұрады.
– Қара нан берейін бе, әлде ақ нан берейін бе?
– Бәрібір, өйткені нанды соқырларға апарып беремін?
***
Бір келіншек психиатрға қаралуға келеді:
– Бір ай болды, күнде түсімде күйеуімді көре беремін.
– Жақсы емес пе қайта…
– Көргім келмейді сол оңбағанды…
***
Мұғалім оқушыға:
– Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
– Шешемнің қолы тимейді.
***
Бастық көмекшісіне:
– Мен саған бір сағаттық баяндама жаз деп едім ғой. Ал мен оны екі сағат оқыдым.
– Өзіңіз ғой, көшірмесін бірге алып кеткен…
***
Әйелі күйеуіне:
– Сен кеше неге үйде қонбадың?
– Үйленгенімізге бес жыл болды. Осы сұрақты айына бір рет қоймасаң, көңілің көншімей ме?
***
Полиция бөлімшесінде.
– Көлігіңіздің ұрланғанын бізге неге ертерек айтпағансыз?
– Ұрылар көлігімді жақсылап жөндесін дегенім ғой…
***
Білгім келген бір сұрақ:
– Қытай мен МАИ қызметкерінің ұқсастығы неде?
– Екеуі де тамақты таяқпен жейді.
***
МАИ қызметкерінен сұрайды:
– Егер де ешкім жол ережесін бұзбай, жұмыссыз қалсаң, не істейсің?
– Әскери бөлімшеге ауысып кетем.
– Әлемде бейбітшілік орнап, әскерилер керек болмай қалса, қайтесің?
– Өрт сөндіруші боламын.
– Болашақта құрылыстар жанбайтын материалдардан салынып, өрт болмайтын болса, қайтесің?
– Мен бәрібір ештеңе істемеймін, жұмыс істемеймін ғой.
* * *
Бір еркек психологтың алдында отыр:
– Маған бір нәрсе жетпейтін сияқты. Өмірден жалыға бастадым. Жаңа сезімдерді бастан өткергім келеді.
– Тоқал алыңыз.
– Ондайлардың менде үшеуі бар.
– Онда, олар жайлы әйеліңізге айтып беріңіз.
***
Жол полициясы басқармасы келесі айдан бастап жаңа үлгідегі радарларды қолданысқа енгізетін болды. Жаңа құралдың ерекшелігі – ол қатты жүрген көліктердің жылдамдығын емес, жүргізушіге бірден қанша ақша төлеуі керек екендігін көрсетеді.
***
Әскерде:
– Бұл жерге келудегі мақсатың не?
– Біріншіден, Отанды қорғау!
– Дұрыс.
–Екіншіден, әскер мені шыңдайды.
– Жақсы.
– Үшіншіден, әскерге барасың ба деп, менен ешкім сұраған жоқ.