Президент Атырау облыстық ПД бастығының әрекетін тексеруді тапсырды
2019 ж. 16 мамыр
3426
0
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады», - деп жазады Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында.
Еске салсақ, Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевқа қатысты әлеуметтік желіде жарияланған видеоматериал бойынша Ішкі істер министрлігі оқиға орнына өкіл аттандырып қызметтік тексерісті қолға алған болатын.