Қазақстанда енді «НазарбаевТАНУ» оқулығы енгізілуі мүмкін
2019 ж. 13 мамыр
4886
4
Шымкент университетінің оқытушысы Нұрәлі Өткелбаев Білім және ғылым министрлігіне «Назарбаевтану» пәнін енгізу бойынша ұсыныс айтты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
«Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері – баяндамалар, сөйлеген сөздері, Халыққа жолдаулары, сұхбаттары, ғылыми-әлеуметтік мақалалары, кітаптары – 101 томды құрайды, – деп келтірді профессор Өткелбаевтың сөзін «Южный Казахстан» газеті. — Олар тәуелсіздік мемлекеттің дамуы жолындағы маңызды саяси, экономикалық, қоғамдық негіздерді көрсетеді.
Нұрәлі Өткелбаев өзінің ұсынған жобасына 23 тақырып кіретінін айтып, өзі қызмет ететін Шымкент университетінің ректораты «Назарбаевтану» пәнін пилотты жоба ретінде енгізуге келісім бергенін жеткізді.
Атап өту керек, басылым мақаласында ҚР БҒМ Өткелбаевтың бұл ұсынысына оң жауап бергені жазылса да, ешқандай деректер келтірілмеген.