Нұр-Сұлтан Қазақстандағы ауасы ең лас қала боп шықты
2019 ж. 06 мамыр
4413
0
Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.
Сарапшылар Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, осы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының ауасы ең қатты ластанған қалалар тізіміне кіргенін хабарлайды. Ал Алматы, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Жезқазған, Семей қалалары ластанудың жоғары деңгейіндегі қалалары екені анықталды. Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Павлодар.
"2019 жылдың үш айының қорытындысы бойынша, қоршаған ортаны қорғауға 33,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,6 есеге көп. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында инвестицияның көлемі 2,1 миллиард теңге ғана болған", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.
Мамандардың сөзіне қарағанда, экологиялық қауіпсіздік мақсатында Атырау облысына 23,4 миллиард теңге, Ақмола облысына 5 миллиард теңге, ал Қарағанды облысына 3,3 миллиард теңге бөлінген.