Бас имам Рамазан айында бүлік шығару үлкен күнә екенін айтты
2019 ж. 05 мамыр
4599
2
Құрметті алматылықтар! Баршаңызды мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймын. Сондай-ақ, барша қазақ жұртшылығын Отан қорғаушылар мерекесімен және қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Осындай қастерлі де қасиетті мереке күні елдің арасына іріткі салып, тыныштығымызды бұзу әрекеті үлкен күнә деп ойламын. Себебі, Алла тағала Құранда «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр күнә» - деп ескертеді. Демек, ел мен қоғам ішінде бүлік салушылар Алла құзырында күнахар болады. Бұған қоса, мұсылман жамағаты асыға күтетін қасиетті Рамазан айы құлшылықтың, қайырымдылық пен тыныштықтың айы. Мұсылман жамағаты күнімен ораза ұстап, Бұған қоса, мұсылман жамағаты асыға күтетін қасиетті Рамазан айы құлшылықтың, қайырымдылық пен тыныштықтың айы. Мұсылман жамағаты күнімен ораза ұстап, кешін намазбен өткізеді. Осындай қасиетті айда бүлік шығару мұсылманшылықтың да, ешбір адами құндылықтардың шеңберіне сыймайды. 9 мамыр – жеңіс күні әрі майданда қаза тапқан бабаларымызды еске алу күні. Бұл күнде ел мен жерді қорғау жолында шейіт болған аталарымызға дұға етіп, Құран оқып бағыштап, ең ұлы құндылығымыз - тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек. Елдің тыныштығын бұзғысы келетін кейбір топтарға тұрғындарымыздың ермеуі қажет деп санаймын. Алла тағала Құранда «Раббыларың серт етті, егер сендер шүкірлік етсеңдер арттырамын, күпірлік етсеңдер азабым күшті» - дейді. Сондықтан, біз егер қолдағы бар алтынымыз – елбің ынтымағы, тәуелсіздігі мен тыныштығының қадірін біліп бағаласақ, ұзағынан болады. Керісінше жағдайда, өкінішке тап болуымыз мүмкін. Өкініштен Алла сақтасын баршамызды! Осы орайда, мемлекеттік органдар қоғамның тыныштығын қамтамасыз етуге барша күш жұмсап, ел арасында қандайда бір бүлік шығарып, тыныштығымызды бұзуды көздеген топтарға дер кезінде тиісті шара қабылдауы керек деп ойлаймын. Түрлі теріс саяси әрекеттерге жол берілмеуі қажет. Себебі, қоғамның қауіпсіздігі мен елдің тыныштығын ешнәрсеге ауыстыруға болмайды. Сан ғасырлар бойғы бабаларымыздың аңсаған Тәуелсіздігіне Сіз бен біздің дәуірімізде қол жеткіздік. Тәуелсіздіктің арқасында Алла тағала бізге тілімізді, дінімізді, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-санамызды қайтарып берді. Бұл үшін Аллаға мың шүкір, жүз тәубе деп әрбір қазақ мақтануы қажет. Осынау әлемдік жаһандану кезеңінде 130 астам ұлтпен ұлыс өкілдері бір тудың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны біздің мемлекетіміздің саналы әрі салиқалы саясатының арқасы. Сондықтан Құрметті жамағат, Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, Құрметті Қазақстандықтар баршаңызды сабырлық пен татулыққа шақырамын. Теріс пиғылды тараптардың әрекетінен сақ болайық. Енді ғана ел болып, еңсемізді көтеріп, көк туымызды желбіретіп, әлемге танылып келеміз. Сондықтан, Алла тағала баршамызға бүлікке емес бірлікке шақыруды нәсіп етсін АҒАЙЫН!
Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы