Сайлауда зорығып өлгендер саны 272 адамға жетті
2019 ж. 29 сәуір
2252
0
Индонезиядағы президент және парламенттің екі палатасының депутаттарын сайлау науқанында жұмыс жасау барысында зорығып дүниеден өткендердің саны 272 адамға жетіп, 1800 адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Индонезияның Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеген. - деп жазды qamshy.kz.
Индонезиядағы сайлау 17-сәуір күні өтті. Президентті, парлменттің қос палатасының депутаттарын және жергілікті басқарушыларды таңдау барысында екі мыңнан астам адам зардап шеккен.
Бұл сайлау әлемдегі ең көлемді түрде өткен саяси науқан ретінде тарихта қалды.
Барлық кандидаттардың саны 240 мың адамды құраған. Сайлауға қатысу мүмкіндігі бар адамдардың саны – 193 миллион. Оның 80 пайызы науқанға белсенді қатысқан.