Өртелген баланың өлі денесі табылды
2019 ж. 29 сәуір
2774
0
Жамбыл облысы Қаратау қаласында жантүршігерлік оқиға. Шаһар іргесінен өртелген баланың өлі денесі табылды. Қазір мәйітті тану мүмкін болмай жатыр. Себебі қатты жанып кеткен, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Ал кеше осы қалада 8 жастағы қыз жоғалған еді. Үшінші сынып оқушысы би үйірмесіне кетіп қайта оралмаған. Анықталған дене іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген қорқыныш бар.
Арман Оразалиев, Жамбыл облыстық ПД бастығы:
- Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анасы мәйтті киім қалдықтарынан қызыныкі екенін болжады. Сонымен қатар ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда.