Сенат жаңа заң жобаларын қабылдады
2011 ж. 02 желтоқсан
1484
0
Желтоқсанның 1-і күні Астанада Парламент Сенатының пленарлық отырысы барысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады.
Аталған Заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» атағын беруді қарастырады.
– ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – елдің бірлігін, Конституцияның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен, жаңа Тәуелсіз Мемлекеттің негізін қалаушы тұлға. Оның жетістіктері Қазақстан халқы тарапынан зор құрмет пен сенім тудырады, – деп атап өтті ҚР Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті төрағасы Ахан Бижанов.
Заң ҚР Президентінің қол қоюына жіберілді.