Алтай қаласының қақ ортасына Зыряновтың ескерткіші қойылатын болды
2019 ж. 15 сәуір
3622
2
Алтай қаласының қақ ортасына Герасим Зыряновтың ескерткішін қоятын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Әуел баста қала басшылығы ескерткішті Зырянов атындағы көшеге қоймақ болған екен. Алайда аталмыш көше қаланың ескі бөлігінде орналасқан, ол жерге жету оңай емес көрінеді. Сол себепті енді Зырянов ескерткіші қаланың ортасындағы «Горняк» мәдениет үйінің аумағын қойылатын болды.
Ескерткішті жасайтын – мүсінші Евгений Непьянов.
– Суретшіміз ескерткіштің макетін көрсетті. Мүсіннің жалпы құны – 7 миллион шамасында болады. Қазір мамандар ескерткіш қойылатын аумақты абаттандыруға қанша қаржы жұмсалатынын есептеуде. Ескерткіш мыстан құйылады, биіктігі – бес метр. Постмент – граниттен. Мүсінді осы жылы қоямыз, – дейді қала әкімі Константин Передельский.
Еске сала кетейік, Зырянов қаласының атауы "Алтай" деп өзгертілгені туралы біз бұған дейін хабарлағанбыз.