Бішкекте тонау фактісіне күдікті үш қазақстандық ұсталды
2019 ж. 08 сәуір
2160
0
Бішкекте тонауға қатысы бар деген күдікпен үш Қазақстан азаматын ұсталды. Бұл туралы Қырғызстандағы ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ер адам базарда белгісіз біреулердің өзінен 68 мың сомын (шамамен 370 мың теңге) ұрлады деп, полицияға жүгінген. Зардап шегушінің сөзінше, тонаушылар оған күш көрсеткен.
«Милицияға 40 жастағы А. И өтінішпен жүгінген. Одан белгісіз біреулер базарлардың бірінде күш көрсетіп, 68 мың сомын тартып алған. Факт Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабы бойынша (Тонау) қылмыстар бірыңғай реестрінде тіркелді. Дәл осы күні құқық қорғаушылар күдіктілер қозғалып жүрген қазақстандық нөмір бар Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан», - делінген хабарламада.
Күдіктіні ұстау кезінде олар қарсылық көрсеткен. Жасырыну мақсатында басқа автокөлікпен қасақана соқтығысқан. Құқық қорғаушылар қаскөйлердің көлігіне оқ жаудыруға мәжбүр болған. Бірақ көліктегі жолаушылар қашып кеткен. Сонда да оларды ұстау мүмкін болды.
«Күдіктілер – 21 жастағы Т. Е., 28 жастағы К. Р. Және 29 жастағы С. С. Барлығы Қазақстан азаматтары», - деп мәлімдеді жергілікті милиция.
Автокөлікті тексеру кезінде Макров тапаншасының 5 оғы табылды. Ал ұсталғандарды тексергенде 920 доллар анықталды. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторында. Басқа қылмыстарға қатыстары бар-жоғы анықталуда.
Дереккөз: baq.kz