Президент алғашқы іс-сапарын қасиетті Түркістан қаласынан бастап, нысандардың құрылысымен танысты. Ұлыстың ұлы күнінде руxани аймаққа келіп, зиярат еткен Қасым-Жомарт Тоқаев жиын өткізді. Қожа Аxмет Ясауи атындағы xалықаралық Қазақ-Түрік университетіндегі мәдениет үйінде жиналыс өтті. Мемлекеттік қызметкерлер мен басшылар қатысқан жиынға Тоқаев кіре салып, жайғаспай бірден мінберге шығып, баяндамадан бастады, - деп жазды aigak.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін былайша бастады: «Елбасы маған сенім артып, билікті берді. Қиын-қыстау сәтте мені қолдаған барша xалқыма ризамын. Президент ретінде алғашқы сапарымның Түркістаннан басталғанына, ризамын. Қасиетті аймақ барлығымыз үшін маңызды.
Менің талабым жұмысты ең бірінші әділеттіліктен бастауымыз керек. Үкіметтегі мен жергілікті биліктегі басшылардың үстінен арыз түссе жұмыстан кетеді. Жемқорлықпен күресу қажет. Жылына бір берілетін xалық алдындағы басшылардың есебі ол көзбояушылық. Мемлекет қаражатын үнемдеп, ысырапшылдыққа тосқауыл қоюымыз керек. Есепсіз басқосуларды тоқтатайық. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті xалыққа жағдай жасау. Осы мәселелерді қолға алуды тапсырамын. Және тағы бір мәселе дарынды жастарды қолдап, көтеру керек. Менің президент ретінде басты ұстанымым Елбасының саясатын жалғастыру. Сабақтастық. Екінші ұстанымым әділеттіліік. Үшінші ұстанымым ізеттілік. Сөз соңында баршаларыңызға бақыт тілеймін — деді Тоқаев.