Атырауда 121 мың тонна өлі балық жиналды
2019 ж. 18 наурыз
2223
1
Атырауда екі айлық қаланы санитарлық тазарту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Атырауда өткен сенбілікте өзен жағалауынан 52 тонна қоқыс, 4,3 тонна өлі балық жиналды "Таза жағалау" сенбілігіне 2600-ден астам тұрғын қатысып, 9 бірлік арнайы техника тартылған.
16 наурызда Нұр Отан партиясы Атырау филиалы мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтті. Бүгінгі таңда 121,7 тонна өлі балық жиналды, оның ішінде 103 тонна бекіре зауыттарының балықтары. 100 тоннаға жуық өлі балық өртеу арқылы жойылды. Жиналған балықтардың бір бөлігі тоңазытқыштарда заттай дәлел ретінде сақталады. Ауқымды шараға 2600-ден астам қала мен селолық округтердің тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты.
"Сенбілікке қатысқандар қатары көп болды, 52 тонна қоқыс жиналды. Келесі жолы да барлық тұрғындарды осы бастаманы қолдауға, жағалауды тазартуға қатысуға шақырамыз", - деді Азаматтық орталықтың медиа бөлімінің меңгерушісі Сымбат Жандарбек.
Сонымен қатар, сенбілік қортындысы бойынша 4,3 тонна өлі балық жиналды, балықтардың салмағы есептеліп, қылмыстық іс материалына тіркелді. 10 желтоқсан 2018 жылдан бастап "Казгидромет" РММ Жайық өзеніндегі су жағдайына мониторинг жүргізіп келеді. Зертханалық сынамалар ластанудың жоғары және өте жоғары деңгейін көрсеткен жоқ. Қазір Қазгидромет мониторинг аясында штаттық режимде апта сайын сынама алып отыр.
Су сынамасын Экология департаменті мен тұтынушылар құқығын қорғау департаменті де жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 200-ден астам сынама алынды. Бұл өзеннің жағдайына мониторинг үшжақты жүргізіліп жатқанын және өзен жағдайы қалыпты екенін көрсетеді.
Айта кету керек, қырылған балықтардың басым бөлігі (102,862 тонна) жасанды түрде өсірілген, яғни өзендегі бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяциясына қатысы жоқ. Жайықтағы балық қорының табиғи популяциясына жиналып алынған жалпы салмағы 11,3 тонна частик тұқымдас балықтар жатады.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі Атырау облыстық әкімдігімен бірлесіп тұрақты түрде аймақтың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарды дайындауда. Жағдайға мемлекеттік органдармен бірге Нұр Отан партиясының облыстық филиалы, Атырау облыстық әкімдігі мониторинг жүргізіп отыр.
Нұр Отан партиясының филиалымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қадағалау комитеті қызметкерлері сауда орындарындағы балық сататын нүктелерге күн сайын тексеру жұмыстарын жүргізеді. Атырау облыстық әкімдігі Жайық өзеніне ғылыми зерттеу жүргізуге 80 миллион теңге бөлді.