Астаналықтар ашық қалған құдықтардың бетін өз күштерімен жауып жатыр
2019 ж. 24 ақпан
1971
0
Астанада еріктілер бастама көтеріп ашық қалған құдықтардың бетін жауып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ешқандай артық сөзсіз игі іс жасау әдетке айналып келеді. Жігіттермен бірге ашық құдықтарды іздеп жүрміз. Шойын емес, полимерлі люктарды сатып алдық (оны ешкім ұрлап ала алмайды). Аудандық әкімдік бетонды плитамен қараусыз қалған құдықтардың көпшілігін жауып тастады. Кейбірі қар астында қалды. Оларды табу мүмкін емес», - деп жазады Санжар Астана атты фейсбук қолданушысы.
Оның жазуынша, қала шетінде бір мектеп бар. Ал мектептен 200 метр жерде ашық жатқан құдық болған көрінеді.
«Әлбетте, 100-ге тарта люк ашық деп жария еткен жаңалықтарда артық кетіпті. Бірақ, бір құдықтың өзі қауіп тудыруы мүмкін. Балалар қар басқан жермен жүреді. Күнделікті жолдан ауытқымау керек. Балаларға мұны түсіндіріп көр. Мектеп директоры мектеп аумағындағы қақпақтарды ауыстыру үшін үш люк сұрады. Қалдырып кеттік. Аудан әкімдігіне люк қажет болса хабарласыңыздар. Менде әлі бірнеше люк бар», - дейді ол.
Санжардың айтуынша, ашық қалған құдықтар үшін біреу жауапты болуы керек.
«Әлгі отбасының жалғыз баласы, сыныптың үздік оқушысы құлап кеткен құдықты фотосуретке түсіруге дәтім бармады. Ол құдыққа ұзақ қарап қалыппын. Бізге тәртіп жетіспей жатыр», - дейді ол.
Еске сала кетсек, өтіп бара жатқан аптада Астанада бірнеше күн бойы іздестірілген оқушы құдықтан бала өлі күйінде табылған болатын.