Алматыда ұйғыр этномәдени орталығының кезектен тыс сайлау конференциясы өтті
2019 ж. 13 ақпан
2813
0
Бүгінде еліміздің әрбір аймағында Қазақстан Халқы Ассамблеясының филиалдары қарқынды жұмыс істеп келеді. Алматы қалалық ХҚА - соның бірі. Қалалық ұйғыр этномәдени орталығының кезектен тыс сайлау конференциясы өтіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Жиынды ҚХА мүшесі, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ құрметті төрағасы Ахметжан Шардинов ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Басқосу барысында кезектен тыс сайлау конференциясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылып, бағдарламаға сәйкес басқарма мүшелері сайланды. Сондай-ақ, жиын барысында орталықтың 9 кеңесі бекітіліп, Жарғыға өзгерістер енгізілді. Жиынға қатысушылардың дауыс беру нәтижесі бойынша Алматы қалалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы болып Османжан Уболов сайланды.
Өз кезегінде Орталықтың құрылу тарихы мен даму кезеңдері туралы орталықтың бірінші орынбасары Махинур Исраилова толығырақ айтып берді.
Алматы қаласының қалалық ұйғыр этномәдени орталығы 1989 жылы өз жұмысын бастаған-ды. Орталық белгілі академик, ҚР ұйғыр институтының директоры Гожахмет Сәдуақасовтың белсенді қолдауымен құрылған-ды. Сондай-ақ, бұл орталық ірі ұлттық орталықтардың бірі болып табылады.
Орталықтың бірінші төрағасы болып көрнекті қоғам қайраткері және жазушы Тұрған Тоқтамов сайланды.
Ұйғыр мәдени орталығы 2006 жылдан бастап 13 жыл бойы Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан-ды. Күні бүгінге дейін орталықтың жетекшісі Абдулла Ушуров болды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғары бағасын алған «Азия бугун» қоғамдық-саяси газетін, «Танритах» телебағдарламасының негізін қалаған. Жаңа төрағаның жетекшілігімен алдағы уақытта орталықта жанды жұмыс жүргізілетіні анық.
Еңлік ЕРБОЛҚЫЗЫ,
Алматы қаласы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз хатшысы
qazaquni.kz