Астанада өрттен қаза болған сәбилермен қоштасуға жүздеген адам келді
2019 ж. 05 ақпан
3124
0
Астанада жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан көз жұмған бес баланың жерлеу рәсімі өтті. Балалардың жаназасына қатысуға жүздеген қала тұрғындары келді, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде жерлеу рәсімі сәтінің видеосы мен суреттері көптеп жариялануда.
Жерлеу рәсіміне жиналған халық қара жамылған отбасымен бірге жылады.
Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні Астананың «Көктал» ауданында болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды.