Қарағанды облысында браконьерлер өздерін тексерген инспекторды өлтірді
2019 ж. 15 қаңтар
2226
0
Браконьерлердің табиғатты қорғау инспекторына шабуылынан соң ведомство қызметкері қаза болды. Бұған қатысты қылмысты іс қозғалды. Бұл туралы ауылшаруашылық министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, оқиға 13 қаңтарда Қарағанды облысында болды. “Охотзоопром” кәсіпорнының қызметкерлері өлтірілген сайғақтардың терісін табады. Кейін ісзге түсіп, екі көлікті тоқтатады. Тексеру кезінде браконьерлер олардың өзіне шабуылдайды. Екі ер адам да ауруханаға түсіп, бірнеше сағаттан соң бірі қайтыс болды.
Екі көлікте үш браконьер болған. Қылмыстық іс қозғалды. Кәсіпорын зардап шеккендерге барлық көмекті көрсетуде. Қызметкерлер біркүндік жалақысын аударды.
“Сайғақтардың қорғау шаралары қатаңдатылғаныме оларды аулаушылар азаяр емес”, – дейді Калкаманов.
Сайғақ мүйіздері қытайлық медицинада қолданылады. Ауылшаруашылық министрлік барконьерлерге қарсы шара қолдануда.
“Қазір заңға өзгерістер енгізілді. Сайғақ мүйізін саудалаушылармен күрес шаралары қолға алынды”, – дейді Қалқаманов.
Қара базарда сайғақ мүйіздері екі мың долларға дейін саудаланады.
Дереккөз: stan.kz