Қазыбек Иса: ҚЫТАЙДАҒЫ САЯСИ ЛАГЕРЬ «ЖҰМАҚ» ДЕГЕНДЕРДІҢ ӨЗІ ЖАТСЫН СОНДА...
2019 ж. 11 қаңтар
4677
2
Кеше ғана еліміздегі телеарналардан Қытайдағы саяси лагерьлерді көруге барған 12 елдің дипломаттары мен журналистеріне ол лагерьлерді көзбояушылықпен керемет етіп көрсеткен хабарлар көрсетілді. Қазақстанның Қытайдағы елшісінің кеңесшісі Манарбек Қабазиев те: “Қытай [саяси тәрбиелеу орталығындағы] оларға жақсы жағдай жасаған. Демек, Қытай басшылары өз азаматтарының қамын ойлайды деп айтуға болады. Менің ойымша, Қытайдағы орталық үкімет және Шыңжаң өңірінің басшылары өз азаматтарына жаңа мамандық игеруге мүмкіндік жасап жатыр” деп соғып жіберіпті Тозақты «жұмақ» етіп көрсетуге өзіміздің қазақ ағайындардың жандайшаптанып жүруі сүйекке таңба салады. Саяси лагерьлер кеңесшіге керемет болса, өзі барып, бір шерлі қазақтың орнына ауысып жайғассын сонда….
Бұл көзбояушылыққа елдің көзін жеткізіп, әшкерелеу үшін еліміздегі Қытайдағы қазақтар мәселесімен айналысып жүрген және басқа да қоғамдық ұйымдар мен қайраткерлер бірлесіп, мәлімдеме жасау керек.
Балшықтан адам жасай алмай жатқанда, сырттағы қазақтарды елімізге көшіріп әкелу кезек күттірмес аса маңызды мәселе!
Әсіресе, Қытайдағы қазақтарды тез көшіріп әкелу керек. Әйтпесе, екі миллиондай қазақтан тірідей айрыламыз, олар енді он жылдан кейін шетінен қытай болады. Сол үшін Қытайдағы ең соңғы қазақ шекарадан өтіп, Тәуелсіз қазақ жерін сүйіп құлағанша, жұмыс тоқтамау керек!
Қазыбек Иса,qazaquni.kz