Ақпарат министрлігі ұялы байланыс пен интернеттің неліктен істен шыққанын түсіндірді
2019 ж. 10 қаңтар
2327
2
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері 8 қаңтарда телекоммуникация байланысының жұмысы істен шығуын түсіндірді, - деп хабарлады 24.kz.
8 қаңтарда қазақстандықтар отандық сайттарға кіре алмау, банкоматтардың жұмысындағы ақауалар мен ұялы байланыс мәселелері бойынша қиындықтары туралы шағым білдірген еді. ҚР АКМ өкілдері магистральді байланыс операторларының телекоммуникациялық құрылғысында қысқа мерзімді ақау пайда болғанын айтты.
«Соның салдарынан резервті құрылғы іске қосылды. Осы уақытта резервке көшу кезінде қайтадан байланыс қызметінде ақау пайда болды, алайда жедел түрде қалпына келтірілді», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.