Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін
2019 ж. 10 қаңтар
3573
1
Осы оқыс оқиғадан кейін елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін. Депутаттар Ішкі істер министрлігінен құжатты беру тәртібі мен емтиханды барынша қатаңдатуды талап етті. Өйткені, жол апатынан қаза тапқандардың саны азаяр емес, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Павел Казанцев, Мәжіліс депуаты:
- Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 мың 445 жан мүгедек болып қалды. Тәуелсіздік алғаннан бері 28 жылда 82 мың азаматты жоғалттық.
Gelandewageн жүргізушісінің кесірінен болған оқыс оқиғаны мысалға келтірген депутат, көп жағдайда жол апатына көлік жүргізушісі кінәлі дейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінен куәлікті оңайлықпен бермей, тәртіпті барынша қатаңдатуды талап етті. Алдымен емтиханды қиындату керек дейді мәжілісмен.