Елімізде ұстазға тіл тигізгендер жауапқа тартылуы мүмкін
2018 ж. 20 желтоқсан
2562
1
Білім министрлігі мұғалімді балағаттағандарға айыппұл салу туралы ұсыныс дайындап жатыр, — деп хабарлайды КТК арнасы.
Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
— Бүгін жаңа заң жобасының тұжырымдамасын бекіттік. Оған педагогтың мәртебесі мен абыройына нұсқан келтіргендерді әкімшілік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізбекпіз. Әркім өз міндетін орындасын. Бұл заңды көп адам күтіп отыр.
Бүгін прокурорлар, Әділет және Білім министрліктері ұстаздар «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасын талқылады. Педагогтың намысына тигендерді жазалау туралы осы құжатта жазылады. Алайда әзірге айыппұлдың сомасы белгісіз. Сондай-ақ, мұғалімді артық жұмыстан босату жағын да қамтыған. Министрлік енді заң жобасын WhatsApp арқылы әрбір ұстазға жібермек. Сөйтіп, еліміздегі 3 мың мұғалімның пікірін күтеді. Заң жобасы қоғам талқылауынан да өтеді. Ал қаңтарда Үкімет пен Парламент қарайды.