Оразкүл Асанғазы: Латынға бізден бұрын өткен елдер әлі де емлесіне өзгеріс енгізуде
2018 ж. 14 желтоқсан
5125
0
Солтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осындай атаумен республикалық семинар өтті. Оған аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы қатысты,- деп хабарлайды 24.kz.
Алқалы жиын барысында латынға көшу жөнінде құрылған ұлттық комиссия мүшелері атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті. Бүгінгі күні аталған комиссия қарамағынан төрт арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазір тіл мамандары жаңа әліпбиді бір дыбыс – бір әріп қағидасына негіздеуді жоспарлап отыр.
Оразкүл Асанғазы, латын әліпбиіне көшу жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:
- 28 дыбысты біз кирилл қарпімен жазғанда 42 әріппен жазамыз. Бұл дұрыс емес. Қазіргі заманның талабына дұрыс емес. Сондықтан осы 28 бүгінгі таңда 32-ленді. Келешекте 28 болар. Бірден болмаса да. Енді бізден бұрын өткен елдер әлі де болса әріптеріне де, емлесіне де өзгеріс әкелді. Бұл қатып қалған емес, бірақ алғашқы нұсқалары мақұлданды.