ЖЫЛ АДАМЫ – 2018: ҮЗДІКТЕРДІ БІРГЕ АНЫҚТАЙЫҚ
2018 ж. 24 желтоқсан
8941
22
«Қазақ үні» республикалық қоғамдық-саяси газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының
«Жыл адамы – 2018» таңдаулыларын анықтау кезеңі басталды!
"Қазақ үні" газеті мен ақпарат агенттігі жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан “Жыл адамы – 2018” таңдаулысы оқырман қауымның дауыс беруі мен редакция алқасының шешімі нәтижесінде анықталады.
Сонымен қатар телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарларымен, яғни, Сіздердің ұсыныстарыңыз арқылы Сарапшылар алқасы анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сарапшылар алқасының құрамына белгілі зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері кіреді.
"Қазақ үні" оқырмандары таңдаған "Жыл адамдарының" қай-қайсысы да елге еңбегі сіңген, айтары көп, қазыналы адамдар екені әмбеге аян. Осы жылдар аралығында Мұхтар Шаханов, Иманғали Тасмағамбетов, Дәурен Абаев, Бауыржан Оспанов, Тынымбай Нұрмағамбетов, Ұлықбек Есдәулет, Азат Перуашев, Қуаныш Айтаханов, Нұртай Сәбильянов, Мұрат Бақтиярұлы, Досхан Жолжақсынов, Руза Бейсенбайтегі, Оғыз Доған секілді танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары таңдалған.
"Қазақ үні" ұйымдастыратын дәстүрлі "Жыл адамы" таңдаулысы - бұл халықтың бағасы! Сонымен, "Жыл адамы - 2018" номинацияларымен таныс болыңыздар:Жыл жазушысы –
Жыл ақыны –
Жыл саясаткері –
Жыл қайраткері –
Жыл режиссері –
Жыл актері –
Жыл сазгері –
Жыл әншісі –
Жыл депутаты –
Жыл министрі –
Жыл әкімі –
Жыл суретшісі –
Жыл ректоры –
Жыл ұстазы –
Жыл дәрігері –
Жыл ғалымы –
Жыл журналисі –
Жылдың тіл қайраткері –
Жыл меценаты –
Жыл спортшысы –
Жыл диаспора үздігі –
Жылдың басты оқиғасы –
Жыл жетістігі –
Жыл датасы –
Ұсыныс-пікірлер 25 желтоқсанға дейін қабылданады.
Дауыс беру үшін:
www.qazaquni.kz порталына және порталдың Фейсбуктағы парақшасына өзіңіз үздік деп таныған тұлғаның есімін және оның атқарған еңбегін пікір түрінде жазуыңыз қажет.
Ұсыныстарыңызды порталдың Электронды поштасына хат түрінде жолдауларыңызға да болады: qazaquni@mail.ru