Вице-министр ата-ана келісімінсіз 16 жастан түсік жасатуға рұқсат беруді ұсынды
2018 ж. 24 қараша
2243
2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарының келісімінсіз 16 жастан бастап аборт жасатуға мүмкіндік беруді ұсынады.
Бұл туралы мәжілісте өткен кездесуде денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Мұндай шара, оның пікірінше, кәмелетке толмағандарға қажетсіз жүктілікке жол бермейді.
«Қолданыстағы заңнама ата-анасының келісімінсіз, кәмелетке толмаған балаларға медициналық қызмет көрсетуді шектейді. Бұл шектеулер жүктілікті қаламайтын, аборттар жасатқысы келетін кәмелетке толмағандарға уақытылы медициналық қызметтерді алуға жол бермейді», – деді вице-министр.
Вице-министр берген ақпаратқа сай, жасөспірімдер арасында туылғандардың саны 26% -ға төмендегенімен Қазақстан 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші бойынша әлем бойынша алдыңғы орында. Бұл тізімде Болгария, Молдова, Эстония және басқа да постсоветтік елдер.
«Осыған байланысты біз 16 жастан бастап ата-аналарының келісімінсіз медициналық қызметтерді алуға кепілдік беретін« алық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасына өзгеріс қосу туралы мәселе бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Ләззат Ақтаева.
ЮНФПА-ның мәліметтері бойынша, Қазақстанда жыл сайын 6 мыңнан астам жасөспірімдік жүктілік тіркеледі. Ал әр үшіншісі түсік жасаутмен аяқталады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі 1000 қыздың 36-сы түсік жасатқан.