Қызылордада Қытай азаматы тірідей өртеніп кетті
2018 ж. 21 қараша
2194
0
20 қараша күні Шиелі кентіндегі Қытай Триумф цемент зауытының аумағында өрт шықты.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі хабарлады.
42 қызметкер 200 шаршы метр аумақты алатын сэндвич-панельдерден жасалған үйшікте тұрған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 10 минутта өшіріп үлгерген.
Өртенген жерден 1976 жылғы қытай азаматының өлі денесі табылды.
Төтенше жағдай электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан шығуы мүмкін.
Өртті сөндіруге Қызылорда облыстық ТЖД-нің 4 өрт сөндіру техникасы мен 13 өрт сөндіруші жұмылдырылды.