Н. Есмырза: Комсомол қатарында болғаным үшін, Алаш әруақтарынан кешірім сұраймын!
2018 ж. 30 қазан
3204
1
Мәселе комсомолдың 100 жылдығын тойлағанда/тойламағанда емес. Мәселе сондай ұйымның біздің елімізде болғанына, сол оңбаған ұйымға мүше болғанымызға ӨКІНІШ (покаяние) білдіре білуде.
Мен де білместіктен 14 жыл қатарынан сол қанқұйлы ұйымның мүшесі болдым. Соған қатты өкінішімді білдіремін.
Өйткені олар бізді теріс оқытты. Тарихтан Алаш арыстарының аттарын сызып тастап, атауға да тыйым салды.
Ауқатты қазақтардың мал-мүліктерін тәркілеуге ат салысты. Қазақты ұжымшарға күштеп тығуға, сөйтіп асыл халқымның жартысына жуығының жер бетінен жойылып кетуіне белсене тұрып кірісті.
Ұлтымыздың қаймағын сыпырып тастаған саяси қуғын-сүргіннің басы-қасында жүрді. Құдайға да қажеті жоқ соғысқа қазақтың жастарын айдап салды.
Тың жерді игеру деген сылтаумен қазақтың мал жаюға таптырмас шүйгін жерін жыртып тастаған кезде де сол комсомолар белсенділік көрсетіп жүрді.
Ең ақыры, мектеп бітірген түлектерді "Жастар бригадасы" деген сылтаумен қойдың соңына көгендеп қойғылары да келді...
Айта берсең, қылмыстары шаш-етектен...
Сондықтан да мен комсомолды жек көремін. Сол ұйымның қатарында болғаныма ӨКІНІШІМДІ білдіремін. Алаш әруақтары алдында кешірім сұраймын.
Нағашыбай Есмырзаның facebook парақшасынан