Серік Әбікенұлы: Қазақ жауынгері неге қызыл террордың туын көтеріп жүр?
2018 ж. 24 қазан
3483
0
Рақымжан Қошқарбаев қолына фашист туын ұстап шықса не болар еді? Бауыржан Момышұлы ше? Олар көнер ме еді? Міне, біздің әскердің деңгейі. Қорғаныс министрі бар болса елге бір түсінік берер: "Қазақ жауынгері неге қызыл террордың туын көтеріп, Ленинге құрмет көрсетіп жүр?"
Түйе үстінен шаптырып сие білген, Сіз де бір күн түсерсіз түйеңізден. Сонда бірақ ар көріп ұялмассыз, Арқа сүйеп өзіме сүйенуден, - деген Есенқұл ақын әулие екен. Тәуелсіздік келгенде де түйеден түспегендер сигенде неге қазақ сарбазының бетіне шаптырып жүр?
Серік Әбікенұлы, Фейсбук парақшасынан