Бүгін Алматыда жазушы Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақ елі Шерхан Мұртазамен қоштасты
2018 ж. 11 қазан
3999
3
Қаралы жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамеди ҚР Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың хатын оқып берді.
«Шерхан Мұртазаның отбасы мен жақын туысқандарына жазушының ортамыздан өткеніне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Халқымыздың сүйікті перзенті бүкіл ғұмырын еліміздің өркендеуі мен төл әдебиетіміз, мәдениетіміздің дамуына арнаған бір туар азамат еді», - делінген жолдау хатта.
Сонымен қатар, жазушының шәкірттері мен жақындары сөз сөйлеп, марқұмның туыстарына көңіл айтты.
Сондай-ақ, Астанадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті.