Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы: Ұлымның адам өлтіргеніне сенбеймін
2018 ж. 05 қазан
2584
0
Денис Теннің өліміне күдіктелген Нұралы Қиясовтың анасы оның бала күні қалай өткенін айтты. Айтуынша, күйеуімен ажырасқан соң ұлы Алматыға аттанып, өз бетінше өмір сүрген.
Бұл туралы Эксперсс К хабарлайды.
Нұралы Қиясовтың әкесі Дәулетбек Сейтов пен анасы Гүлзира Наушабаева Меркі ауданының Қазақ ауылында тұрады.
“Нұралы 1994 жылы туды. Бала кезінде тілалғыш болды. Мектепте мінезін көрсетпейтін. Тәртібі жақсы болды, бірақ үлгерімі нашар еді. 9-сыныптан соң колледжге түсіп, 2012 жылы бітірді. Осы кезде мен күйеуіммен ажырастым”, – дейді анасы.
Айтуынша, күйеуінің басқа әйелі пайда болған. Ажырасқан соң қызы екеуі өз ауылы Сыпатайға кетеді. Ал, үлкен және кіші баласы әкесімен қалады. Нұралы Алматыға кетіп қалды. Өзі өмір сүрді. Кіммен, қайда, не істеп жүргенін білмедім. Хабарласып жағдайы жақсы екенін айтып тұрды. Маған ақша керек емес дейтінмін. Кейде қарындасына сыйлық әкеп беретін”, – дейді анасы.
Анасын ең алғаш 2016 жылы ұлының істі болғанын еске алды. Ол көліктен магнитофон ұрлап істі болған. Сот отырысында жәбірленуші “әлі жас, өмірі алда” еп кешірім бергендіктен Нұралыны сот залынан босатқан.
“Осыдан кейін жаман іске бармаймын деп уәде берді. Мен онымен бірге болайын деп Алматыға келдім. Ол көлік жуып ақша тапты. Мен асханада ыдыс жуушы болдым. Кейін әкесі қайта қосылайық деген соң ауылға қайтып кеттім”, – дейді анасы.
“Полицейлер келіп ұлымның адам өліміне қатысы барын айтты. Осыдан соң есімнен танып қалдым. Оның адам өлтіргеніне сенбеймін. Ол қаннан қорқатын адам болған”, – дейді Гүлзира Наушабаева.
Анасы баланың осындай қадамға баруын тәрбиенің жеткіліксіздігі себеп болды ма деген сұраққа жауап бере алмай жылай берді.
“Ештеңе айта алмаймын, мен тек кешірім сұраймын”, – дейді анасы.
Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында көлік айнасын ұрламақ болған екі азамат Денис Тенге шабуыл жасады. Кикілжің нәтижесінде күдіктілер спортшының аяғына пышақ сұғып алған. Нәтижесінде Денис Тен көп қан жоғалтып, аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазақ тіліне тәржімалаған: stan.kz