"Көңілдес болғым келеді": Жетінші арна елге не көрсетіп жүр?!.
2018 ж. 29 қыркүйек
8570
3
Еліміздегі 7-арна өз эфирінен сорақы дүниелерді сарапқа салып, талқылайды екен. Кезінде Еуразия арнасынан атышулы Аша Матай жүргізетін бағдарламаны жаптыру керек деп бүкіл ел болып шулағанымыз түк емес, мына телеарна одан бетер бағдарлама ашып алғанын қайтесіз. Айтпақшы, Ақпарат министрі де бұл мәселеге назар аударып, бақылауға алатынын айтқан еді ғой.
Сонымен, 7-арнаның "Өз ойым" деген бағдарламасына келейік. Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтай есімді журналист жүргізетін бұл бағдарламаның әр шығарылымына қойылған атаулардың өзі адам шошытады.
Міне, "Жынысымды ауыстырғым келеді" — 2 маусым 13 шығарылым, ток-шоу «Өз ойым». Немесе "Көңілдес болғым келеді" — 2 маусым 12 шығарылым. Ол аз десеңіз, "Ажырасып бақытты болуға бола ма?" дегені де бар. "Енем мен күйеуім күң етті"...
Осындай бағдарламаларды жасайтын продюсерлер мен журналистердің ақылы жоқ па, намысы жоқ па, әлде бала-шағасы жоқ па?!. Осындай елді аздыратын бағдарламалары бар телеарнаға бюджеттен қанша қаржы бөлінеді?!.
Біздің телеарналар неге ұлтқа қарсы әрекеттердің шоқпарына айналып кетті екен деп ойлайсың амалсыз... Біздің елде жұмыс істейтін заң бар ма? Бар болса осындай дүниелерге қашан тыйым салынады?..
М. Ерғали, Фейсбук парақшасынан